Әйелін ұрып-соқты деген күдікпен ұсталған Ашығалиев үй қамаққа алынды


Алматыда әйелі Ксения Ашығалиеваны ұрып соқты деген күдікпен ұсталған Jackpot» тобының әншісі, гитарашы Бауыржан Ашығалиев үй қамаққа алынды, деп хабарлайды қалалық полиция.


30 шілдеде Бауыржан Ашығалиевті «алдын-ала сөз байласу арқылы бір топ адамды заңсыз қамауға алу» бойынша күдікті ретінде танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


1 тамызда мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы оны екі айға қамауға алуға санкция берді. Алайда басқа судья қаулының күшін жойып, үй қамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы туралы бұйрықа шығарды.