Шетелдік әуе компаниялары Қазақстанға жаңа рейстерді ашпақ


Бірқатар шетелдік әуе компаниялары Қазақстанға жаңа рейстерді ашуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».


ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, алдағы жылдары Доха (QatarAirways, 2020 жылы), Шанхай (ChinaEastern, 2021 жылы), Дубай (Emirates, 2021 жылы), Тель-Авив (SCAT, 2020 жылы), Сингапур (2020 жылы), Нью-Йорк (2023 жылы) бағыттарында рейстерді ашу жоспарланған.


Сонымен қатар, Варшаваға рейстер (LOTPolishAirlines, 2020 жылы) санын арттыру көзделген.


«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті тарапынан Қазақстанға әуе сапарларын орындау үшін шетелдік жаңа әуе компанияларын тарту бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде. Жыл сайын Қазақстанның өзге мемлекеттермен әуе байланысын кеңейту тұрғысында авиациялық билік өкілдерімен көптеген кездесулер өткізіледі. Қазіргі уақытта елімізге жаңа рейстерді ашуға және оларды кеңейтуге ниет білдірген бірқатар шетел әуе компаниялары бар», -делінген ведомство мәліметінде.