Үш жылда 10 алматылық жынысын ауыстырған


2017 жылдан бері Алматы қаласында 10 адам жыныс ауыстыруына байланысты жаңа куәлік алған, деп хабарлады қалалық Әділет департаменті.


Департаменттің ресми өкілі Әсемгүл Батыргерееваның айтуынша, жынысын ауыстырған 10 адамның ішінде 4 ер адам жынысын әйелге, ал 6 әйел адам жынысын ер адамға ауыстырған.


Сонымен қатар, департамент өкілдері жыныс ауыстырғандардың құжат алу тәртібін айтып өтті.


"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 257-бабының 13-тармағында жыныс ауыстыру тәртібі көрсетілген. Жеке куәлікті ауыстыру үшін АХАЖ бөліміне барып, жыныс ауыстырғаны туралы акт толтыру қажет", - дейді Батыргереева.


Ресми өкілдің айтуынша, жыныс ауыстырғанда жаңа құжат алу уақыты әдеттегі құжат алу уақытымен бірдей.