Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне басшы тағайындалды


Мемлекет басшысының Өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды.


Бұған дейін Ұлттық қорғаныс университетін бұрынғы экс-қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов басқарған еді. Алайда оны тамыз айында Президент Арыстағы жарылыстардан кейін Қарулы Күштер қатарынан босатты.