Нұр-Сұлтанда Назарбаевтың қатысуымен жиын өтуде


Нұр-Сұлтанда Назарбаевтың төралығымен жиын өтетуде, деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.


«Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін жиында партияның «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары іске асырылуы талқылануда», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.


Жиынға Үкімет мүшелері, «Nur Otan» партиясы және оның Парламент Мәжілісіндегі фракция мүшелері қатысуда.


Соңғы рет Назарбаев тамыз айында жиын өткізген.