Жаңаөзен қалалық сотының судьясы пара алғаны үшін 3 жылға сотталды


Жаңаөзен қалалық сотының судьясы 500 мың теңге пара алғаны үшін 3 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.


Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жаңаөзен қалалық сотының судьясы А.С. Сейілхановаға және сол қаладағы әкімдіктің ТКШ бас маманы А.Е. Ақназаровқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.


А.Сейілханова Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің талап арызын қараусыз қалдыру туралы үкім шығарғаны үшін азамат А.Е.Ақназаров арқылы 500 мың теңге көлемінде пара алған.


«17 қазанда Ақтау қалалық сотының үкімімен А.Сейліханова сотталып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы сот үкімімен А.Ақназаров та сотталып, оған 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді», делінген хабарламада.


Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айырылды.