Қазақстанда алғаш рет: Beeline 5G желісін іске қосты


Бүгін, 18 қазанда Beeline компаниясы Қазақстанда тұңғыш рет 5G желісін іске қосты. Жоба әзірге тек Шымкент қаласын қамтитын болады.


Мобильді байланыстың бесінші буынының сынақ аймағы Шымкент қаласының орталығындағы үш аумақты қамтыған. Үш айға созылатын сынақ жұмыстары 2019 жылы желтоқсанда аяқталады. Одан кейін компания жобаның жалпы құнын есептеп, келешекке жоспар құрып, 5G желісін жаппай енгізу мүмкіндігін бағалайды.



Жоба барысында виртуалды үстел теннисінің таныстырылы өтті.


Алайда 5G желісін елімізде толықтай қосу тек 2021 жылға жоспарланған. Желіні бағалау құқығы әзірге тек Шымкент тұрғындарында ғана бар. Бірақ мобильді телефонында 5G желісін қосылатын кез келген адам желіні қолдана алмайды. Бұл тек BEELINE компаниясы мүмкіндік берген жандарға ғана тиесілі.



5G желісі толық қосылған жағдайда дамитын салалар қатарында туризмде бар. Бұл виртуалды көзәйнектер арқылы туристік нысандарға саяхат жасауға болады. Әзірге көзәйнектер тек Шымкент қаласының орталық алаңын көрсетеді. Себебі арнайы камералар осы аймақта орналасқан.


Beeline Қазақстанның атқарушы директоры Евгений Настрадин айтуынша, Қазақстан ТМД елдері арасынан бұл жобаны алғашқы болып қолға алған. 5G желісі NOKIA қондырғыларына құрылған. Оның басты артықшылығы жылдамдығында. Және бұл жеке адамдар гөрі бизнес өкілдеріне, ірі компанияларға тиімді жоба болмақ.



Nokia компаниясының құрылғысы. Ол иесі қойған кез келген тапсырманы орындап, реттейді. Ғалымдар бұл құрылғыны болашақта күрделі медициналық немесе техникалық операциялар жасауға қолдануды көздеп отыр.


Құрамына Beeline компаниясы кіретін VEON компаниялар тобы Шымкенттегі жобаның қорытындысынан кейін 5G желісін Ресей, Украина, Қырғызстан, Армения, Пәкістан, Бангладеш таратуды бастамақ.



«Біздің міндетіміз – 5G желісін техникалық тұрғыдан сынау ғана емес, бұл технологияны енгізу үшін қандай мемлекеттік мәселелерді шешу керектігін түсіну. Мысалы, жиіліктер мен инфрақұрылымға барлық мобильді оператордың тең қол жеткізуі, мемлекеттің 5G желісін стандарттауы және сертификаттауы жобаның дамуына септігін тигізеді. Біз бұл жобаны өзіміз ғана жасап қоймай, басқа да нарық қатысушыларын 5G желісін бірге салуға шақырамыз. Себебі бұл өте қымбат және өзін-өзі ұзақ мерзімде ақтайтын технология. Осыған дейін 4G желісін де басқа компаниялармен бірігіп жасағанбыз. Сол тәжірибеміз көп септігін тигізді», - деді Beeline Қазақстанның атқарушы директоры Евгений Настрадин.


Оның айтуынша, Қазақстан 5G желісін қосушы мемлекеттердің алдыңғы қатарында. Бұған дейін желіні ірі экономикалы Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ сынды елдер ғана орнатқан.



«Қазақстан - біз үшін Орталық Азиядағы негізгі нарық көзі. Біз мемлекеттің 5G желісін дамытуға бағытталған талпынысын қолдаймыз. Бұл жоба тек абоненттерге ғана емес, байланыс сапасына және экономикаға өз пайдасын тигізеді. Біздің Nokia компаниясының коммерциялық желілерде, сынақ аймақтарында 5G желісін енгізуге қатысты 100-ден астам жобасы бар. Осы тәжірибелер арқасында жоба сәтті басталды», - деді Nokia-ның Орталық Және Шығыс Еуропа елдеріндегі және Орта Азиядағы вице-президенті Микко Лаванти.


Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады.



5G желісін қосатын Nokia компаниясының құрылғысы. Әзірге мұндай құрылғылар тестік режимде Шымкент қаласына ғана орнатылған.


Beeline 5G желісін жаппай енгізу дайындық жүргізуде. 2019 жылдың бірінші жартысында компанияда желінің ауқымды модернизациясы басталды. Қалаларда «өлі» аймақ қалдырмай, интернетті жоғары жылдамдықпен тарататын жаңа базалық станцияларды салу мақсатында желінің таралымына талдау жасалмақ. Бірқатар нысандағы қондырғыларды ауыстыру мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9Gдеңгейлеріне дейін жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартына жылдам аударуға мүмкіндік береді.