Атыраудағы сәби өлімі: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті


Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қызметінен кетті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


«Облыс әкімдігі денсаулық сақтау саласына айрықша назар аударып келеді, жыл сайын дәрігерлердің қажеттіліктеріне қаражат бөлініп, қаржыландыру мөлшері артып отыр, перзентханалар мен ауруханалардың, медициналық ұйымдардың жұмыстарына толық қолдау көрсетілуде. Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан барлық нормаларды талапқа сәйкестендіру бағытында жұмыстар жүруде. Барлық кінәлілерге шара қолданылады. Денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс берілді», - деді баспасөз қызметі.