Енді қазақстандықтар өз атына қанша нөмір тіркелгенін тексере алады


Енді қазақстандықтар өз атына қанша ұялы байланыс нөмірі тіркелгенін біле алады, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.


Ол үшін мына сілтемеге кіріп, өз ЖСН-іңізді жазыңыз. Жүйе тіркелген нөмірлердің санын және қандай ұялы оператор екенін көрседі.


Егер абонент өзінің жеке сәйкестендіру нөміріне белгісіз телефон нөмірлерінің тіркелгенін анықтаған жағдайда Телекоммуникациялар комитеті белгісіз нөмірді жаптыруды ұсынады.

«Бізге азаматтар өз атына белгісіз телефон нөмірінің тіркелгенін айтып жиі шағымданады. Сондықтан біз қазақстандықтарға өз атына тіркелген нөмірлердің санын тексеруді ұсынамыз, себебі сіз сол нөмірді пайдалану үшін жеке жауапкершілік аласыз», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.