Оқушылардың ауыр сөмке көтеруі қаншалықты зиян


Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары елорда мектептерінде оқушылар сөмкесінің салмағын өлшеп, қаншалықты денсаулығына зиян екенін анықтады.


Ведомствоның өзі денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныс білдірген көрінеді.



Департамент басшысы Сәдуақас Байғабыловтың сөзіне қарағанда, ауыр сөмке оқушылардың белін ауыртып, бүкір қылудан бөлек, кифоз, лордоз сияқты ауруларға шалдықтыруы, тіпті балалардың тірек-қимыл аппаратына зардабын тигізуі мүмкін.


Байғабылов ағзасы, қаңқа-бұлшық ет жүйесі енді ғана қалыптасып келе жатқан жеті жасар балалардың денсаулығына алаңдаулы.


Оның айтуынша, оқулық толы сөмкенің салмағы төрт, кейде бес килограмға дейін жетеді. Сондықтан оқушы сөмкесіне қойылатын талаптарды қайта қарап, мектептердің тексеру парағына қосымша тармақ енгізу қажет.


Департамент басшысы қазірдің өзінде гигиеналық талаптардың бұзылуына айыппұл салынатынын ескертті. Айта кетейік, мұндай айыппұлдың мөлшері 500 мың теңгеден асып түседі.