Тарихта тұңғыш рет екі әйел ашық ғарышқа шықты



Тарихта тұңғыш рет екі әйел ашық ғарышқа шықты. Америка астронавтары Кристина Кук және Джессика Меир халықаралық ғарыш станциясында ақау пайда болған сыртқы энергия блокты алмастыруы тиіс болған.



Бұл процесс шамамен алты жарым сағатқа созылуы мүмкін деп хабарлады жұма күні NASA ғарыш агенттігі.


Агенттіктің хабарлауынша, Кук пен Меир жөндеуі тиіс энергия блоктағы ақау халықаралық ғарыш станциясының жұмысына қауіп төндірмейді, тек қосымша энергия көзінен айыруы мүмкін.



Ғарышкер әйелдерді АҚШ президенті Дональд Трамп жеке өзі хабарласып құттықтады.


"Станция, бұл президент Дональд Трамп, мені естіп тұрсыздар ма?", - деп сұрады президент. Бірнеше секундтан кейін ғана Джессика Мейр эмоциясыз, тыныш қана дауыспен: "Иә, сізді естіп тұрмыз",- деп жауап берді.


Трамп ашық ғарышта суық қабылдауға аздап ұялып:


"Мен сіздерді уайымдай бастадым, онда бәрі қызық шығар",- деді.


"Бұл оқиға ғарыш станциясынан тыс әйелдер жасаған бірінші дүние, бортинженерлер Кристина Кук және Джессика Мейр, сіздерді құттықтағым келеді. Сіздер өте батыл адамсыздар, мен ондайға барам деп ойламаймын", - деді АҚШ президенті.


Бортинженер Джессика Меир халықаралық ғарыш станциясына қыркүйек айының соңында келген. Ол ресейлік "Союз МС-15" ғарыш аппаратының бортында болған ғарышкерлермен бірге ұшып келген. Меир ұзақ уақытқа созылатын ғарыш экспедициясына қатысады.


МКС-59/60 бағдарламасының бортинженері Кристика Кук халықаралық ғарыш станциясында наурыз айының ортасынан бері жүр. Жоспар бойынша, 2020 жылы ақпан айында Жерге оралады. Ол сол кезде ғарышта ең көп болған алғашқы әйел-астронавт (335 күн) атанбақ.