Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін атып өлтіріп, өгей ұлын жарақаттады


Елордада мас ер адам әйелін атып өлтіріп, өгей ұлын жарақаттады, деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.


Қайғылы оқиға 20 қазан күні кешке тіркелген. Полиция анықтағанындай, отбасылық жанжал кезінде әлгі әйелдің 59 жастағы күйеуі мас күйде жарына оқ атып, оның екінші некеден туған ұлын жарақаттаған.


«20 қазан күні сағат 22.19 шамасында Полиция департаментінің жедел басқарма орталығына 55 жастағы елорда тұрғыны мен оның 5 жастағы баласына оқ тигені туралы мәлімет келіп түсті. Әйел алған жарақатынан көз жұмды. Ал бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қалалық уақытша оқшаулағышқа қамалды», - делінген хабарламада.