Елордада көру қабілетін жоғалтқан балаларға арналған балабақша ашылады


2020 жылы елордада көру қабілетін жоғалтқан және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша ашылады.


Кешкілік аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов мамандандырылған балабақшаның құрылысымен танысты. Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі деді қала әкімі.


90 орындық мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Тұран даңғылы мен Күмісбеков көшесі). Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан басқа, елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 2 балабақша жұмыс істейді.