Ресейде қазақстандық 20 метрлік мұнараға шығып, Путинмен байланысқа шығаруды талап етті


29 жастағы қазақстандық Ресейдің Иркутск облысы Усть-Куттегі Лена станциясында 20 метрлік мұнараға шығып, Путинмен тікелей байланысқа шығуды талап еткен, деп хабарлайды ust-kut24.ru.


Басылымның мәліметінше, басшылық өкілдері оны мұнай өндірумен айналысатын компанияға жұмысқа алмай қойған.


Нәтижесінде ер адам ішімдік ішіп, Қазақстанға оралатынын айтқан. Бірақ пойыз басшылығының өкілдері оны мұндай күйде үйіне кетуге болмайтынын айтып, жібермей қойған. Осыдан кейін ол пойыз станциясына жарық беретін 20 метрлік мұнараға шығып алып, Путинмен немесе Жириновскиймен тікелей байланысқа шығаруды талап еткен. Біреулер жақындаса, суицид жасаймын деп қорқытқан көрінеді. Осылайша қазақстандық мұнараның басында 9 сағат отырған.


Қуанышқа орай, көлік полициясының басшылығы қазақстандықтың анасымен байланысқа шығып, ер адамды көндіру мүмкін болды. Ер адамның аяғы ауыр әйелі бар екен.


Басылымның мәліметінше, бұдан соң қазақстандық ірі мөлшерде айыппұл төлеген. Сонымен қатар, енді оның Ресейге кіруіне тыйым салынуы мүмкін.