Ермегияевтің ісі қайта тексеруге жіберілді


Талғат Ермегияевтің ісін қайта тергеу үшін соттан кері қайтаруға талап етілді. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Алла Котлова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ермегияевтің қорғаушысының айтуынша, қылмыстық іс материалдарын құқық қорғау органдары бір айға жуық уақыттан бері қарап жатқан көрінеді. Алайда Алла Котлова тексерудің не себепті басталғанын және кімнің бастамашы болғанын айтпады.


"Біз құқық қорғау органдарының тексеру жүргізіп жатқанын нақты білеміз. Бірақ бұл тексеруді нақты кімнің жүргізетінін мен білмеймін... Осы мәселе бойынша мені ешкім хабардар етпеді. Егер тексерушілердің сұрақтары болса, бізде бар барлық ақпаратты беруге дайынбыз"


"Тексерушілер Ермегияевке қатысты және осы қылмыстық істің басқа да фигуранттарына қатысты қылмыстық істі қайта қарау қажеттілігі туралы қорытындыға келеді деп үміттенеміз. Біз бұған өте қатты үміттенеміз", - дейді Ермегияевтің қорғаушысы Алла Котлова.


Ол сондай-ақ, тексерудің заң бұзушылықтармен байланысты болуы мүмкін екенін болжады.


"Егер тергеу барысында қандай да бір заң бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер анықталса, онда әрине, істі соттың қайта қарауына себеп болуы керек», - деді адвокат.


Алла Котлова әзірге тексерушілердің істі қанша уақыт қарайтынын айта алмайтынын және Талғат Ермегияевтің кінәсіз екендігін айтады.


"Ермегияев жасамаған қылмысы үшін сотталды. Атап айтқанда, оларды "пара алды" дегенге қатысты. Ермегияев пара алған жоқ. Бұл факт тергеу барысында да, сот талқылауы барысында да дәлелденбеген. Сондықтан кем дегенде, істің осы бөлігі қайта қаралуы тиіс деп санаймыз. Басқа эпизодтар бойынша да, біз істі қосымша тергеуге жіберу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу және сараптамалар тағайындау қажет деп санаймыз", - дейді адвокат.


Қазір Талғат Ермегияев Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан түрмеде жазасын өтеп жатыр. Оның түрмеде отырғанына үш жыл және төрт ай болған. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының экс-басшысы үкім шыққанға дейін яғни, тексеру жұмыстары мен сот процесі жүріп болғанға дейін үйқамақта отырған.


"Ермегияев сот үкімі шығарған мерзімді өтейді. Оған ешқандай жеңілдік қарастырылмаған", - деді Алла Котлова.


Адвокат Ермегияевтің істі кассациялық тәртіппен қайта қарау үшін Жоғарғы сотқа шағым беру құқығын әзірге пайдаланбағанын атап өтті. Сондай-ақ, президентке кешірім жасау туралы өтініш жазғанбаған.


"Ол кінәсін мойындамады. Заңға сәйкес кешірім жасау туралы өтініш сотталған адам жасаған қылмысын мойындаған жағдайда ғана қаралуы мүмкін. Кінәсін мойындамайтын адамға кешірім берілмейді", - деп толықтырды Талғат Ермегияевтің қорғаушысы.


2016 жылдың жазында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев аса ірі көлемде пара алғаны және бөтен мүлікті ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны қатаң режимдегі колонияда 14 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сот оның барлық мүлкін тәркілеуге қаулы етті.