Қазақстанда 93 мектеп интернетке мүлдем қосылмаған



Қазақстанда 93 мектеп интернетке мүлдем қосылмаған, деп мәлемделі ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева.


«Еліміздің орта білім беру саласында 3 жылдан аса уақыт ішінде жаңа мектептер салынып, жаңартылған мазмұнға көшу жалғасып жатыр. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Дегенмен, жетілдіруді қажет ететін мәселелер жоқ емес. Апаттық жағдайдағы мектептер мен үш ауысымда оқытатын мектептердің проблемасы шешілмей келеді. Бүгінгі күні олардың саны 160-тан асады. Сондықтан мемлекеттік бағдарламадан үш ауысымды және апаттық жағдайда тұрған мектептер көрсеткішін алып тастаған министрліктің әрекеті негізсіз болып отыр. Оның үстіне бұл – «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндет», - деді Г. Исимбаева


Оның айтуынша, мектептерді жылдамдығы секундына 4 мегабит болатын кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету көрсеткіші де артығымен орындалған.


«Бірақ 93 мектеп интернетке мүлдем қосылмай қалған. Интернеттің жылдамдығы мәлімделген жылдамдықтан әлдеқайда төмен мектептер де аз емес», - деді Мәжіліс төрағасының орынбасары.