Жалғас Жұмағұлов пен Али Багаутиновтің жекпе-жегі жаппай төбелеспен аяқталды


Сочиде өткен Жалғас Жұмағұлов пен Әли Багаутиновтің арасындағы жекпе-жектің соңы жаппай төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Чемпионат.com.


 "Жекпе-жек Жұмағұловтың жеңісімен аяқталды, төрешілердің шешімі осындай болды. Багаутинов осы шешімге наразылық білдірмек болды, бірақ қос команданың спортшылары бір-біріне жұдырық ала жүгіруден басқа ештеңеге алып келмеді", - делінген хабарламада.


Аралас жекпе-жектен өткен Fight Nights Global 95 турнирінің басты кездесуінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (12-3) пен ресейлік спортшы Әли Багаутинов (19-6) жекпе-жек өткізген болатын.


Спортшылар бес раунд бойы күш сынасты. Төрешілердің бірыңғай шешімімен Жұмағұлов жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан файтері жеңіл салмақтағы Fight Nights Global чемпионы титулын сақтап қалған болатын.


Жекпе-жектен кейін Али Багаутинов пен оның командасы апелляция беретінін мәлімдеді. Бұл жекпе-жектен кейін ресейлік спортшының қоржынында 19 жеңіс пен 7 жеңіліс бар.


"Айтарға сөзім жоқ. Барлық маман мені жеңді деп айтып жатыр. Бірақ төрешілердің шешімімен дауласпаймын. Командамызбен апелляция береміз. Менің жекпе-жегім үшін қаншама ақша тігілді. Мүмкін, Жалғасқа жанкүйер болғандар көп ақша жеңіп алған болар. Бұл қаражатты олар қайырымдылыққа, мұқтаж балалар мен науқастарға берсін", - деді Багаутинов.