Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі


Балабақшалардағы тәрбиешілердің еңбекақысы көтеріледі, деп айтты Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Сондай-ақ министр, балабақшаларда ағылшын тілін алып тастау жолпарланып жатқанын айтты.

«Мектеп дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін оқытуды алып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тәрбишілердің еңбекақысын көтеру ескерілген», - деді А. Аймағамбетов.


Министрлік мәліметінше, елдегі мектепке дейінгі ұйымдар желісі балабақшалар салу, жеке балабақшалар, шағын орталықтар ашу және басқа да енгізу тәсілдері есебінен 1839 бірлікке, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 13,6 пайызға артқан.


Қазіргі таңда барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде балабақшалар - 6 470, шағын орталықтар - 4 203. Контингент 775 164 адамды құрайды (2015 ж. – 758 772 адам).


Елдегі мектепке дейінгі ұйымдардың 38,2 пайызы (4082) жеке меншік болып отыр, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 18,1 пайызға (20,1%) артық.