Алматыда науқас әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды


20 қыркүйек күні кешкісін Алматыдағы Құлжа трассасының бойында үлкен жол апаты болды.


Куәгерлердің айтуынша, Nissan Maxima және Lexus GS300 автокөліктері Құлжа трассасының бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Алда кептеліс пайда болып, Maxima тоқтайды. Ал Lexus арнайы жолаққа шығып кетеді, бұл кезде науқас мінген жедел жәрдем көлігі оңтүстік бағытта келе жатқан.


Жедел жәрдем жүргізушісі апатты болдырмауға тырысқан, бірақ қолынан келмеді. Салдарынан Lexus жедел жәрдемге бар жылдамдықпен соқтығысты. Арнайы көлік аударылып қалып, кептелісте тұрған Nissan Maxima көлігін соғып кетті.


Апат салдарынан жедел жәрдем көлігінде болған науқас пен фельдшер және Lexus жүргізушісі зардап шекті.


Үшеуі де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.



Апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері шақыртылды.