Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келеді


24-25 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің ахуалы мен перспективалары талқыланатын болады.


Сонымен қатар, мемлекет басшылары ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы екі елдің өзара ықпалдастығын дамыту, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасады деп жоспарлануда.


 Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады.