Тоқаев: Жаңа әліпбиде олқылықтар бар


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын қарпіндегі жаңа қазақ тілі әліпбиін жетілдіруді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасында жазды.


"Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр",- деп жазды президент.


Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпанында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекіткен болатын.