Ақтауда 6 жасар қызды зорламақ болған ер адам ұсталды


Ақтауда 6 жасар қызды ертіп кетіп, зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.


Оқиға кеше 20 қазан күні қала көшелерінің бірінде орын алған. Күндізгі 11-лер шамасында белгісіз ер адам 28-шағын аудандағы 11-үйдің жанында 2013 жылы туған қызды алдап, ертіп кеткен және сол маңдағы зиратқа апарып, зорламақ болған. Күдікті өтіп бара жатқан адамды көріп, қашып кеткен.


Полиция департаментінің хабарлауынша, Ақтау қаласы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ер адамды ұстаған. Ол бұрын сотталған болып шықты.


«Қазіргі уақытта күдікті өз ісін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.