Макгрегор Қазақстаннан шақырту күтіп отыр


Аралас жекпе-жек палуаны, ирландиялық Конор Макгрегор қазақстандық боксты жоғары бағалады.


Киевте өткен баспасөз мәслихатында ол қазақстандық палуандар туралы және өзінің Қазақстанға келуі туралы айтты.


«Мен Қазақстанның палуандарын білмеймін. Алайда Қазақстанда бокс өте жақсы дамығанын және күресте бай тарихы бар екенін білемін. Қазақстан палуандарымен кездескенім есімде жоқ. Егер сіздер мені Қазақстанға шақырсаңыздар, барып қалуым да мүмкін», - деп жауап берді Макгрегор.


Сондай-ақ Конор жақын арада жаңа қарсыластары мен UFC-ге оралатынын жариялайтынын айтты.


Макгрегор соңғы рет өзінің жекпе-жегін 2018 жылдың қазан айында өткізген болатын. Ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтан жеңіліп қалды.