Алматыда Әуезов аудандының судьясы алаяқтық жасағаны үшін сотталды


Алматыда №2 Әуезов аудандық сотының судьясы А.Штейнке 10 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алу кезінде алаяқтық және арандатушылық жасағаны үшін сотталды.


Ол қалалық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының үкімімен 3 жыл 6 айға жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айырды.


Аталған фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ішкі қауіпсіздік және ҚР Жоғарғы Сотының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықтады.


Бұған дейін, 2019 жылдың 23 шілдесінде, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен А.Штейнке ақталған болатын.