Нұр-Сұлтанда Digital Health Astana халықаралық көрмесі өтеді


Нұр-Сұлтанда 24-25 қазан күндері Digital Health Astana 2.0 халықаралық көрмесі өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру өтеді.


Digital Health Astana 2.0 – бұл денсаулық сақтау, ғылым мен әлеуметтік бағыттар бойынша өтетін 2019 жылдың ең ауқымды халықаралық іс-шарасы. IT-көрме 2 күн тәжірибе алмасу алаңына айналады.


Көрменің басты мақсаты түрлі жастағы әр түрлі әлеуметтік топ өкілдеріне медицина, ғылым мен ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктерді көрсету үшін бірыңғай алаң ұйымдастыру.



Digital Health Astana 2.0 аясында түрлі цифрландыру тақырыптарында панельдік сессиялар, резидентура мәселелері бойынша дөңгелек үстел, цифрлық десаулық сақтау саласындағы ең үздік мамандардан шеберлік сағаттары өтеді.



100-ден аса әлемнің үздік спикерлері, олардың ішінде халықаралық мекемелердің, Microsoft, Philips, Эрикссон Никола Тесла, iVoice Technology, 1С сияқты ірі компаниялардың, медициналық ЖОО-ның, ТМД елдерінің министрлік өкілдері бар.


Көрмеде стартап жобалардың таныстырылымы, сонымен қатар жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктер, бионикалық протездер, электронды рецептердің ақпараттық жүйесі, ақылды стетоскоп сынды бірқатар жобалар қойылады. Сондай-ақ көрмеге келушілер назарына медициналық қызметтердің сапасын арттырып, халыққа қолжетімді ете түсетін жоғары технологияллық шешімдер ұсынылады.


Іс-шарада 300-ден аса қатысушы мен 3000-аса келушілер болады деп күтілуде. Көрме EXPO-2017 аумағы, С-3.5 павильонында болып өтеді.