Қазақстандық оппозиционер Владимир Козлов Киевке көшті


Жаңаөзендегі жаппай наразылықтарды ұйымдастырғаны үшін жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылған қазақстандық оппозиционер Владимир Козлов Киевке көшті. Бұл туралы KZ.MEDIA. порталында хабарланды.


"Алға" заңды түрде тіркелмеген оппозициялық партиясының бұрынғы көшбасшысы Владимир Козлов екі ай бойы Киевте тұрып, Украинаны Қазақстанмен салыстыруға шешім қабылдады.


"Екі ай бойы біз көп жағдайдың тыйым салынбағанына таң қалдық. Әжелерге бақшадан алған өз қызанақтарын, үйінің жанында орындықта отырып сатуға тыйым салынбайды. Мүмкін, мұндай тыйым бар шығар, бірақ бұл жерде жоқ. Екі еркектің подъезд кіреберісіне шығып алып, тойлауына тыйым салынбайды. Біз сияқты "экстремист" деп көшіп барғандарға банк карточкаларын алуға және оны пайдалануға тыйым салынбайды. Бұл мен үшін бөлек сезім", - делінген материалда.


Енді Владимир Козлов Украинадағы баға, қызмет көрсету, балабақшалар, көлік, мемлекеттік мекемелер сипаттап жазуды жоспарлап отырғанын жазады.


2012 жылдың күзінде Козловқа әлеуметтік араздықты қоздырғаны және Жаңаөзендегі мұнайшылардың жаппай наразылығын ұйымдастырғаны үшін жеті жарым жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарған. Сол кезде, тіпті, полиция мұнайшыларға қарсы қару қолданған еді. Ресми деректер бойынша 16 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.


Ол Алматы облысы Заречный кентіндегі колонияда жазасын өтеген. 2016 жылы Козлов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.


Одан басқа осы іс бойынша Ақжанат Әмінов пен Серік Сапарғали тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің басқа да мүшелері тұтқындалды. Оларды да әлеуметтік алауыздықты қоздырғаны үшін айыптап, шартты мерзімге үкім шығарды.