Англияда 39 адамның денесі бар жүк көлігі табылды


Англияның Эссекс (қала) ағылшын графтығында 39 адамның денесі бар жүк көлігі табылды. Көлік Грейс индустриалды аймағындағы тұрақта тұрған, деп жазады bbc.com сайты.


Полиция тұраққа түнгі сағат бір жарым шамасында келіп, жүк көлігін тінтіген. Көлік жүргізушісі адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынған 25 жастағы ирландиялық болып шықты.


Өлгендер туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Тек денелердің 38 ересек және біреуі жасөспірімге тиесіл екені анықталды. Жергілікті полиция офицері Эндрю Маринер зардап шеккендердің кім екенін анықтау ұзақ уақыт алатынын ескертті.


Жүк көлігі жексенбі күні Болгариядан келіп, Ұлыбританияға кіргені анықталды.


«Біз жүк көлігінің жүргізушісін оқиғаға қатысы бар деген күдікпен қамауға алдық, тергеу жүріп жатыр», - деді Маринер.