Әлия Рақышева Президент кеңесшісі болып тағайындалды


Әлия Рақышева ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды.


Ақорданың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды.


Оның орнына президент жарлығымен Ержан Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.


Ал Әлия Рақышева Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.