Назарбаев Токиода серуендеп жүр


Нұрсұлтан Назарбаев Токионы жаяу аралап шықты, деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.


«Өздеріңіз байқағандай, Елбасының тәуліктік нормасы шамамен 7700 қадам. Кеше императордың ресми қабылдауынан кейін түнде Нұрсұлтан Назарбаев Токионы жаяу серуендеп шықты. Стандарттарды сақтау маңызды»,- деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.


Бұған дейін Үкібай Назарбаевтың смарт-сағатына қарап Әзірбайжандағы физикалық белсенділігінің көрсеткіштерін жариялаған еді. Деректерге сәйкес аталған қашықтықты Назарбаев 16 минутта жүріп өткен.  


Елбасының тамырының соғуы тыныштық уақытында - минутына 71 рет, жүру кезінде - минутына 82 рет соғады.