"Айка" фильмі ресейлік кинематографистердің "ұят тақтасына" енді


Ресей бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің сайтында кинозалдардағы (БААЖ) фильмдердің көрсеткіштері туралы мәліметтер көрсетілген. Ол жерде мемлекеттен қаржылық қолдау алған, бірақ алынған қаражатты қайтармаған жобалардың тізімі пайда болды. Бұл туралы Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский мәлімдеді.


Қазіргі уақытта қара тізімде 2015 жылдан бастап шығарылған 18 фильм бар. Олардың арасында - "Аяз Ата. Сиқыршылар шайқасы", "Түнгі сақшылар", "Қар патшайымының құпиясы" және "Айка" бар.


Бірінші орында 2016 жылғы жарыққа шыққан, басты рөлді Дима Билан ойнаған "Герой" әскери драмасы тұр. Мемлекет және кино қоры фильм түсіріліміне 140 миллион рубль бөлген: 110 миллион рубль - қайтарымды негізде, ал 30 миллион рубль - қайтарымсыз негізде. Прокатта фильм 81 миллион рубль жинады.


Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі 11 орында — кинокомпания мемлекетке 28 миллион рубль қайтаруы керек.