Қазақстандық азамат Dubai лотереясынан млн доллар ұтып алды


Қазақстан азаматы Хуссаин Еремешев 22 қазан күні Dubai Duty Free (DDF) лотереясында миллион доллар жеңіп алды, деп хабарлайды GulfNews.


Алайда өзінің жеңісі туралы қазақстандық білмейтін көрінеді. Қазақстандық сатып алған 3614 нөмірі оған миллион доллар ұтыс әкелген.


Агенттіктің жазуынша, лотерея ұйымдастырушылары жеңімпазға қоңырау шалғандарымен, ол көтермеген.


Ол ұтыс лотерея билетін онлайн режимде сатып алған.


Еремешев – DDF лотереясында миллион доллар ұтып алған екінші қазақстандық азамат.