Тоқаев Тимур Құлыбаевты қабылдады


Мемлекет басшысы «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады


Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық палатаның қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары, сондай-ақ, кәсіпкерлерді қолдау жөнінде қабылданып жатқан нақты шаралар туралы баяндалды.


Тоқаев еліміздегі микро және шағын бизнесті дамытып, кәсіпкерліктің осы категориясы үшін салықтан босату жүйесін тиімді пайдалану маңызды екеніне баса назар аударды.