Асқар Мамин Қазақстанда жасалған тракторды айдап көрді


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қостанай облысының зауытында құрастырылған алғашқы тракторды сынақтан өткізіп көрді


Үкімет басшысы Қостанайдың Индустриялық аймағында орналасқан «Кировец» трактор зауытының салтанатты ашылуына қатысты.


«Қазақстан өз алдына ауыл шаруашылығы техникалары мен оның құрауыштарының жоғары технологиялық өндірістерін құру міндетін қояды. Бүгін біз аты аңызға айналған «Кировец» тракторының өндірісін іске қосамыз. Жаңа зауыт Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын елімізде құрастырылған «Кировец» сапалы әрі сенімді техникасымен қамтамасыз етеді», — деді А. Мамин.


Кейін Министрлер кабинетінің басшысы Қазақстанда алғаш шығарылған «Кировец» тракторын өзі сынақтан өткізді.