Жамбыл облысында жемқорлық жасаған бірнеше әскери шенді сотталды


Жамбыл облысында жемқорлық жасаған бірнеше әскери шенді сотталды, деп хабарлайды Жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.


Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық жасады деген күдікпен Ақмола облысы Экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі, 5-санатты біліктілік сыныбының аға лейтенанты Көбегеневке, 82796 әскери бөлімінің 2-ші ауыр-гаубица артиллериясы дивизионының командирі майор Бастыбаевқа және азамат Ағдавлетовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.


Олар 82796 әскери бөлімінің 8-ші ауыр-гаубица артиллериясы батареясының командирі капитан Мұратұлынан оған қатысты қылмыстық іс бойынша жәрдем көрсету мақсатында алаяқтық жолмен ақша алды деген күдікке ілінген болатын.


30 қазанда Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Көбегенов 7 жылға Бастыбаев 5 жылға, Ағдавлетов 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың барлығының әскери шендері қайтарылды. Және мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.