Вице-министр: Үстіне кабинет төбесі құлаған ұстаз қудаланбайды


Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде үстіне кабинет төбесі құлаған мұғалімге қатысты пікір білдірді.


«Мұғалімде бәрі жақсы. Ешқандай қудалау болған емес. Аталған мұғалімді (Дана Көпежанова-авт) сабақты өткізбей қойды деп ешкім жазалаған жоқ. Ешқандай жаза болмайды да. ЖОО-ның, Білім және ғылым министрлігінің ұстанымы осындай. Жалпы, студенттер үшін де, мұғалімдер үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Сондықтан, мұғалім ешқандай себеп бойынша қудаланбайды», - деді Шолпан Каринова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатынан кейін.