20 жыл бойы іздеуде болған қазақстандық Дағыстанда ұсталды


Полиция қызметкерлері 20 жыл бойы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген адамды ұстады, деп хабарлайды Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Ол Дағыстаннан "іздеу" мемлекетаралық жедел-алдын алу шарасы аясында тұтқындалған.


Оның барлық сыбайластары 1999 жылы сотталған көрінеді. Бірақ қылмысқа қатысы бар соңғы адамды осы жылдың қыркүйегінде ғана ұстау мүмкін болған 


Павлодар облысы полиция длепартаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, ұсталған азамат Екібастұзда туған, жасы - 39-да.


Сондай-ақ, оның 20 жылдан бері қашып жүргені хабарланды.


Павлодар облысының құқық қорғау органдары мен Дағыстан ІІМ-нің қылмыстық іздеу қызметкерлерінің бірігіп күш салуы нәтижесінде қашқын қолға түскен.


Қажетті іс-шаралар аяқталған соң қазақстандық азаматты елге қайтарады.


Павлодар облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған ер адамның 1999 жылдың жазында қозғалған қылмыстық іске қатысы бар.


Сол кезде екібастұздық азамат өзінің бес сыбайласымен бірге қала тұрғындарынң бірінің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған.


Полиция қызметкерлері сол жылы елден кетіп, қашып кеткен 19 жастағы бір күдіктіден басқаның бәрін қолға түсірген екен.