Білім вице-министрі мұғалімдердің жалақысынан 8 есе көп табыс табады


Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айына 600 мың теңге (шамамен 1500 доллар) жалақы алатынын айтты.


Орталық коммуникациялар қызметінде журналистер вице-министрден қанша жалақы алатынын сұрады.


Вице-министр жауап беруден қашқақтамай, жалақы мөлшері бірнеше факторға, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты болатынын атап өтті.


"Қазіргі таңда мен 600 мың теңге жалақы аламын", - деді Каринова.


Тамыз айында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанның жас мұғалімдері 70 мың теңге (179 доллар) жалақы алатынын, тәжірибелі педагогтардың еңбекақысы 200 мың теңгеге (512 доллар) жететінін айтқан болатын.


Айта кетсек, Каринованың БҒМ вице-министрі қызметіне келгеніне бірнеше ай болған. Бұған дейін ол Назарбаев зияткерлік мектебінде директордың орынбасары ретінде қызмет еткен.