ХАТУ бұрынғы ректорының қамау мерзімі ұзартылды


Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековты қамау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.


«Дамир Шыныбековты бұлтартпау шарасы 29 қарашаға дейін ұзартылды», - делінген хабарламада.


Бұның алдында мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Дамир Шыныбековты 5 айға мамырдан бастап қазан айына дейін қамауға алу туралы шешім шығарған болатын.


Бұрынғы ректорға қарсы ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалған еді.


Дамир Шыныбеков ХАТУ-ға 2009 жылдан бері басшылық жасаған. 2017 жылы ол қалалық мәслихатқа депутат болып сайланған.