Желіде ақтаулық дәрігердің ауру балаға қатігездік танытқан видеосы таралды


Әлеуметтік желіде кішкентай баланың қорқытып, қол көтермек болған дәрігердің видеосы таралып кетті. Бейнежазбада медицина қызметкері бүлдіршінге қатігездік танытқанын көруге болады.


Бейнеролик Instagram желісіндегі aqtau_live парақшасында жариялаған. Автордың айтуынша, жаға ұстатарлық оқиға Ақтаудағы стоматологиялық орталықта орын алған.


Видеодан әйел адамның баланы кабинетке кіргізіп, өзі қайтадан шығып кеткенін көруге болады. Келіншек бүлдіршіннің анасы көрінеді. Мазасыздана бастаған баланы дәрігер жұлқылап, стоматологиялық орындыққа лақтыра отырғызады. Медицина қызметкерінен одан бетер қорқып кеткен бүлдіршін қатты жылай бастайды. Сол кезде тіс дәрігері қолына бір құралын алып, баланы одан сайын қорқытады. Артынан оны тағы бірнеше мәрте жұлқылап тынышталдыруға тырысқан. Алайда, ақыры ер адам бүлдіршінді кабинеттен шығарып тастайды.


Айта кетерлігі, сол сәтте қатыгездік танытқан дәрігердің қасында екі көмекшісі болған. Олар әріптесінің дөрекі әрекетіне мүлдем кедергі келтірмеген.


инАктау басылымының жазуынша, оқиғадан соң, зардап шеккен баланың анасы бірден полицияға арыз жазған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Басылымның хабарлауынша, бүлдіршін ДЦП аурына щалдыққан.