Қазақстан теннисшілерінің рейтингі жоғарылады


Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңа рейтингін жариялады. Осыған орай Қазақстанның Теннис федерациясы Facebook парақшасында Қазақстандық теннисшілердің жаңа рейтингтегі орнын жариялады.


Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик (48) пен Михаил Кукушкин (67) бұрынғы орындарында қалды. Ал Дмитрий Попко 23 саты жоғарылап, 189-орынға жайғасқан.



Әйелдер арасында Юлия Путинцева 34-орнында қалды, Елена Рыбакина — 37-орында, ал Зарина Дияс бір саты жоғарылап, 78-орында тұр. Анна Данилина бірден 34 саты жоғарылап, 309-орыннан бір-ақ шықты.