Facebook логотипін жаңартты


Американдық Facebook компаниясы өзінің логотипін жаңарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.


Facebook-тің айтуынша, компанияның логотипі әлеуметтік желінің белгісімен жиі шатастырылады. Бұған жол бермеу үшін ұйым логотипінің дизайнына түзетулер енгізілді.


Facebook жаңа логотипін Инстаграм, WhatsApp және басқа да қосымшалардың алғашқы беттерінен көруге болады.


«Мен 15 жыл бұрын Facebook-ті іске қосқан кезде, оның құрамына Instagram, WhatsApp, Oculus, Workplace және басқа да көптеген желілер кіретінін тіпті елестете алмадым. Көбісі бұл өнімдерді біз әзірлегенімізді және біздің команда бірлесіп жұмыс істейтінін білмейді. Бірақ адамдар бұны білуі керек, өйткені олар қолданатын өнімнің артында кім тұрғанын білу өте маңызды», - деп жазды корпорация басшысы Марк Цукерберг.