Ақтөбеде мемлекеттен субсидия алған шаруалар алаңға шықты


Ақтөбе қаласында «Сыбаға» және «Ырыс» бағдарламалары бойынша мемлекеттен субсидия алып, Үкімет уәдесінен шаршаған шаруалар алаңға шықты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.


Шаруалардың айтуынша, жеті мыңнан астам шаруа қожалығы құлдырау алдында тұр. Ол шығындарын жабу үшін қолдарындағы малды түгел сойып, етке өткізуден басқа жол көрмей отыр.


«Менде «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүт өңдіретін ферма бар. Маған асыл тұқымды малды ұрықтандырып, көбейтуге субсидия бөлінген. Бізге сүт фермаларына субсидия беруді тоқтатты. Мен енді сол малдың барлығын сойып етке тапсырамын. Басқа амалым қалмады», - дейді кәсіпкер Руслан Сүйіншалин.


Олар шығынға батуына қуаңшылықта әсерін тигізген. Себебі жем-шөп бағасы өскен. Ал етті өткізу құны сол қалпы.


«Бүгінгі талабымыз біздің үкімет өзінің айтқан субсидиясын төлесе екен дейміз. Еттің бағасын үкімет көтертпей отыр.Біздің тапсыратынымыз 1250 теңге», - дейді Самат Қалдығұлоов.


Кей шаруалардың айтуынша, олардың қарыздары миллионнан артып жығылады. Осы жұмысты іске асыру үшін бағдарлама бойынша барлық мүліктерінде кепілдікке қойған. Осы айдың өзінде алған несиелерінің мерзімі өтіп, қосымша ақша қосылған.


«Чехиядан мал әкелу үшін Татарстанның компаниясы таңдалған. Бізде Қазақстанның компаниялары жоқ па сонда?! Неліктен сол таңдалған? Татар компаниясы «КамАгро» басшысы сотталған болып шықты. Сондықтан ол біздің елге кіре алмады. Оның атынан басқа адам сенімхатпен жұмыс істеген. Сонда бізде ештеңе тексерілмей ме?!» - дейді қоғам белсендісі Александр Мандрыкин.


Алаңға жиналғандардың сұрақтарына жауап беру үшін облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы Панабек Бимұратов келді. Оның айтуынша, қазір өңірлік басқарма фермерлерге 3,7 млрд теңге қарыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі ақша бөлгеннен кейін қарыздар 20 жылдың ақпан-наурызында толық жабылады деген жоспарлары бар.



Алаңға жиналған шаруалар өзара қол жинап, наразылықтарын президентке жолдамақ.