Актриса Раиса Мұхамедиярова дүниеден озды


Театр және кино актрисасы Раиса Мухамедиярова дүниеден озды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.


Қайғылы хабарды Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының өкілдері растады.


Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Қазақ ССР және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Қазақ киносы мен театр саласына өлшеусіз еңбек сіңірген актриса.


Қалын көпшілікке "Менің атым Қожа" фильміндегі Қожаның сынып жетекшісі Хадиша Майқанованың рөлі арқылы таныс.


Сондай-ақ актриса "Песня зовет", "И в шутку и всерьëз", "У подножья Найзатас", "Однажды и на всю жизнь", "Человек-олень" фильмдерінде түскен.


1964 жылы Раиса Мұхамедярова жазушы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шыққан.


Ақтық сапарға шығарып салу күні мен уақыты әлі белгісіз.