Назарбаев Түркістанды аралап жүр


Бүгін Елбасы Түркістан қаласына ресми сапармен барып, облыс орталығындағы әртүрлі нысандарды аралап жүр.


Ресми сапары барысында ол Түркістандағы қолөнершілер жәрмеңкесін тамашалап, Халыққа қызмет көрсету орталығында да болды.



Бұдан бұрын Назарбаев түркістандықтармен кездесіп, «Күлтөбе қалашығы» жобасымен танысқан. Және қаладағы жаңадан ашылған Неке сарайына барып, жастармен бейресми кездесу өткізген болатын.