Қорғаныс министрі Африкадағы құпия қызмет туралы фильмге түсті


"Qazaqstan" ұлттық арнасы "Ангола: Африкадағы беймәлім миссия" атты деректі фильмді көрермен назарына ұсынды.


Деректі фильмде 1975 жылдардағы Анголадағы азаматтық соғыс тарихы кеңінен, оған қатысқан қазақстандық сарбаздар туралы тың ақпараттар баяндалған. Арнайы тапсырмамен Анголаға кеткен отандастарымыздың тағдыры фильм өзегіне айналады.


Түсірілімге Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, соғыс ардагерлері және басқалар қатысты.


Деректі фильм авторлары «Кеңес одағы Анголадағы азаматтық соғысқа неліктен араласты?», «қандай қолдау көрсетті?», «әскерилерге қандай міндет жүктелді?» деген сауалдардың жауабын іздейді.


Кеңес операциясының беймәлім беттері, капитализм мен социализмнің текетіресі арнайы жобада талқыға салынады.


Анголада қызмет еткен қазақстандық әскерилер сұхбат беріп, сол жылдардағы бастан кешкен оқиғаларын еске алған.