Әлия Назарбаева Сара Алпысқызының жағдайы туралы сұрақтарға жауап берді


Әлия Назарбаева анасының жағдайы туралы желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.


Елбасының кіші қызы өзінің анасы туралы жазып, Instagram парақшасына оның суретін жүктеді.



«Мен үшін анам әйел адамның көрегендігінің үлгісі болған және бола береді. Менің ең қымбат ұстазым, жақын досым, қалтқысыз қызмет етудің үлгісі. Өзіңе жоғарыдан артылған жүкті жасың мен жағдайыңа қарамай арқалау. Анам, Сара Алпысқызына өз атымнан және мыңдаған балалардың атынан біздің жүрегімізге жылулық сыйлығаны үшін алғыс айтамын», - деп жазды Назарбаева.


Оның бұл жазбасына көпшілік «Сара Алпысқызы көрінбей кетті. Қазір қайда?» деген пікірлер жазды. Тіпті кейбірі мұрағаттан емес, қазіргі суретін салыңызшы деген өтініштер қалдырды.






Көпшілікті қызықтырған сұраққа Назарбаева былай жауап берді:


«Жылы лебіздеріңіз бен тілектеріңізге көп рақмет. Анамның жағдайы жақсы. Алаңдамаңыздар. Ол бұрынғыдай Бөбекпен айналысуда. Барлық жағдайдан хабардар. Оған сіздердің тілектеріңізді міндетті түрде жеткіземін!»



Сара Алпысқызы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік қызметінен бас тартқаннан кейін (19 наурыз 2019 жыл) ел арасында көрінбеген.


Оның көпшілікпен кездесулерін іздей отырып, соңғы кездеcуі 2019 жылы наурыз айының басында болғанын анықтадық. Хабар арнасындағы «Өзін-өзі тану» бағдарламасы көрсеткен бұл бейнежазбада Сара Алпысқызы Алматыдағы «Бөбек» орталығында колледж түлектерімен кездесіп, адами құндылықтар туралы айтқан. Шараға Әлия Назарбаева да қатысқан.


Бұрындары ол Елбасының ресми сапарлары кезінде бірге жүретін. Кейін сапарларға Елбасы жалғыз баратын болды. Осыған байланысты талқылауларда көп болған.