Өскеменде 92 мың теңгенің түскі асын ішкен жігіт қашып кетті


Өскемендегі мейрамхананың бірінде 92 мың теңгеге түскі ас ішкен жігіт ақшасын төлемей қашып кеткен, деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Кеше Өскемен қалалық Полиция департаментінің Ертіс полиция бөліміне 28 жастағы мейрамхана әкімшісі шағым түсірген.


«Қаладағы мейрамханалардың біріндегі әкімші 12 қазан күні түскі ас ішіп, ақшасын төлемей кеткен қонаққа қатысты шара қолдануымызды сұрады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция 26 жастағы жігітті ұстады. Ол кінәсін толық мойындады», - делінген хабарламада.


Жігіттің үстінен ҚР ҚК-нің 195-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.