Алматыдағы үздік арт муралдарға саяхат

«Әлемдерді біріктіре», әл-Фараби даңғылы, Үлкен Алматы өзені


Алматыда осыған дейін жөндеу жұмыстары кезінде зардап шеккен атақты «Әлемдерді біріктіре» муралының реконструкциясы аяқталды.


Бүгін белгілі қазақ суретшісі Арыстанбек Шалбаевтың жетекшілігімен қалпына келтіру жұмыстарының бастамашылар тобы қаладағы стрит арт шеберлерінің ең көрнекті суреттері орналасқан бірнеше жерлерді таныстырды.


Қалпына келтіру жұмыстары Алматы муралдарын құру жобасының серіктесі болып табылатын финдық Tikkurila компаниясының бастамасы бойынша ұйымдастырылған.


 «Киіз үй», Владимир Потапов (Ресей) Аксай 1 ықш. ауд, 46 үй


Мурал – бұл толық өнер туындысы болып табылатын және граффитиден өзге стрит-арт нысаны. Қалада бірнеше жыл қатарынан стрит-арт объектілерін құру бойынша фестиваль өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Алматыда осыған ұқсас 30-дан астам муралдар бар.


 Мамыр-2 ықш. ауд. Шаляпина көш.


«Муралды қалпына келтіру жұмыстарын ондаған қала тұрғындары қызығушылықпен тамашалады. Тіпті көлік жүргізушілері даңғыл бойымен осы муралдың жанынан өтіп бара жатқанда, жасалған әсемдікті тамашалау үшін жылдамдықтарын төмендетті. Біз жобаның қазақстандықтардың жүрегінде орын тапқанына өте қуаныштымыз және шығармашылықтың осы түрін дамытуды жалғастыруға ұмтылатын боламыз. Біз қала ғимараттарының қабырғаларындағы бейнелердің жоғары көркемдік үлгілерге айналғанын, ал Алматы қаласының жыл сайын көрікті, жарқын әрі қызығырақ бола түскенін қалаймыз», - дейді Орталық Азия Tikkurila компаниясының коммерциялық директоры Әйгерім Тұрлыбекова.

 

Мамыр-2 ықш. ауд. Шаляпина көш. 19 үй. (DOXA art, Қырғызстан)


ARTBAT FEST заманауи өнер фестивалінің серіктесі аясында қалада 2015 жылы алғашқы муралдар пайда болды. Ал финдық Tikkurila компаниясы ұсынған бояулар 15 жыл көлемінде ыстық-суыққа қарамай сақталады.


Андрей Пальваль Розыбакиев көш.111


Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстандағы танымал арт-суретші – Арыстанбек Шалбаев шақырылған.

 

«Мурал-арт пен графитти көше өнерінің өте ұқсас түрі болғанымен, олардың арасында айырмашылық бар. Себебі муралдар әдемі суретпен қатар қандай да бір терең ой немесе мағына беруге арналған. Осылайша, бұл суреттердің өмірден алынатын немесе мифологиядан әр түрлі көріністер бейнеленген классикалық фрескалармен ұқсастығы әлдеқайда көп. Осыған қарап, муралдар фрескалардың эволюцияланған формасы деген тұжырым жасауға болады», - деді Шалбаев.


Суретшілердің таңдау мен оны салудың арасында бірнеше кезеңдер бар. Алдымен іріктеу өтіп, оған арнайы орын таңдап алынады. Олардың салған суреттерінің арасында ел тарихын көрсететін, мағыналы туындылар таңдалынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша көп жағдайда, суретшілер ұсынған арт-туындылар әкімдік тарапынан қолдауға ие болмай, мақұлданбай жатады.

 

«Алтын Квадрат», Дарион Шаббаш (Қазақстан), Мамыр 3 ықш.ауд., 1 үй