Енді eGov қосымшасы арқылы электронды жеке куәлікті қолдануға болады


Электрондық жеке куәлік алуға мүмкіндік беретін eGov мобильді қосымшасында сервис пайда болды, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Facebook-тегі парақшасында.


Электрондық құжат eGov мобильді қосымшасына тіркелгендерге қол жетімді.


«Веб-дайындаушылар eGov mobile-ді іске қосты, бұның көмегімен егер сізде жеке куәлігіңіз болмаса, оны QR-код арқылы электронды түрде ұсына аласыз», - делінген хабарламада.


EGov mobile қосымшасын Play Market (Android) және App Store-да (iPhone) жүктеп алуға болады.