Шымкентте екі бала өліміне себеп болған дүкеннен тұшпара алынып тасталды


Шымкентте екі баланың уланып қайтыс болуына себеп болған дүкеннен тұшпара өнімдерінің барлық партиясы тәркіленді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.


Дүкеннен танымал брендтің 18 қаптама тұшпарасы табылды. Олар балалардың өліміне себеп болуы мүмкін. Ата-аналарының айтуынша, олар тұшпараны уланбас алдын қолданған. Шымкенттік полициясы тағам түрін тәркілеп, сараптама жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес тұшпара өндіруші марканың аты айтылмаған.


«Полиция қызметкерлері үстіміздегі жылдың 3 қарашасында екі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Тиісті сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова.


Санитарлық дәрігерлер бұл өнімге қатысты бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, бұл тұшпара барлық сауда нүктелерінен шығарылатын болады дейді полиция өкілдері.